Тасбөгет бөгеті
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Сурет:Тасбөгет бөгеті (архив).jpg
Тасбөгет бөгеті (1956)
Тасбөгет бөгеті — Қызылорда қалалық әкімдігі аумағында, Тасбөгет кентінің жанында орналасқан. Сырдария өзенінің арнасына салынған. Құрылысы 1946 жылы басталып, 1956 жылы аяқталды.
Гидрологиялық сипаты
Сурет:Тасбөгет бөгеті.jpg
Тасбөгет бөгеті
Бөгеттің су өткізгіштігі 1750 м³/с. Тасбөгет бөгетінен су алатын Сол жағалық каналдың су өткізгіштігі 226 м³/с. Оң жағалық каналдікі 110 м³/с, жалпы көлемі 2096 м³/с. Апатты деңгейі 129,37 м, қалыпты тірек тұратын деңгейі 128,80 м. Бөгет суы төменгі арынды типке жатады. Сол жағалық алқапта 89,6 мың га, Оң жағалық алқапта 8,7 мың га жер суарылады.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>