Тас Моншақтағы Жазу
Тас Моншақтағы Жазу – Оңтүстік Қазақстан облысындағы Бөріжардан табылған моншақтағы таңба. Қазақстан ғылым академиясының Тарих, археология және этнография институтының экспедициясы1968 ж. Бөріжардағы зиратқа зерттеу жүргізгенде бір тізбек моншақ табылған.
Тізбеде 32 моншақ бар: 7-уі кішірек қара моншақ, 7-уі ірілеу ақшыл моншақ, 17-сі қызыл күрең, сарғыш моншақ, біреуі төртбұрышты, аспан түсті көк моншақ. Басқа моншақтардан ірілеу, дөңгелек моншақтың бір шеті тегістеліп, көне түркі әліпбиі үлгісімен “ес сек үс” деген үш сөз жазылған.
Жазу 6 – 7 ғ-лардағы түркі халықтарының тілінен дерек береді. Жазудың қазақша мәні: ес (дос), сек (секір), үс (үз) – “дос секір үз”. Бұл түркі халықтарының ежелгі дәстүрінде, жігіт үйленерде қалаған қыздың есімін, құлағын тістеу немесе мойнындағы моншағын үзу әдетіне байланысты болса керек.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>
Дереккөздер
<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті Үлгі:Wikify