Талиға Бекхожина

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Талиға Бекхожина (11.12.1919, Семей қаласы - 17.9.1995, Алматы) - музыкатанушы, әнші. Алматы консерваториясын (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) бітірген (1963). Бекхожина шығармашылығын әнші болудан бастады. 1941 - 58 ж. Қазақ филармониясының еншісі болды. 2-дүниежүзілік соғысы жылдарында концерттік бригада құрамында жауынгерлерге өнер көрсетті. 1962 - 80 ж. Қазақстан Ғылым Академиясының Әдебиет және өнер институтының музыка бөлімінде кіші ғылым қызметкер ретінде жұмыс істеді. Көп жылдар бойы фольклор экспедиция құрамында болған ол Қазақстанның жөне Өзбеқстанның жергілікті тұрғындары арасынан бұрын белгісіз болып келген көптеген әндерді (1500-ден астам) нотаға түсіріп жазып алды; халық шығармғының орындаушылары жайында деректер жинады. Бекхожина ақын әрі композитор Ш.Құдайбердиевтің әндерін ("Аманат", А., 1989) жинап қүрастырды, әзі алғы сөзін жазды.

Шығармалары:

Қазақтың 200 әні, А„ 1972; Қазына, А., 1979; Даланың назды сазда-ры, А„ 1996.

Әдебиеті:

Музыкадағы этномәдени дәстүрлер. Т.Бекхожинаны еске алуға арналған халықаралық конференция ма-териалдары. Құраст. А.Мүхамбетова және Г.О м а р о в а, 2000 (қазақ, орыс тілдерінде); Әсіпұлы С., Ән жинаған Талиға. Музыкатанушы Талиға Бекхожина туралы сөз, "Қазақ әдебиеті", 2001, 8-маусым, N»23. <ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақала