Сөйлеу айшықтары

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Сөйлеу айшықтары — тыңдаушыға әсерлі болып, сөйлеудің әсемдігін, мәнерлілігін, эксперссивтік мәнін күшейтіп беретін синтаксистік құрылымдардың ерекшеленген формалары; мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан, шешендік сөзде жиі қолданылатын амал-тәсілдер. Оларға: шендестіру (антитеза), градация (дамыту), қайталау, параллелизм, риторикалық сұрау, риторикалық қаратпа, дауыс ырғағы т. б. жатады. Сөйлеу айшықтары жеке адамның сөйлеу шеберлігін, зерделілігін, тіл байлығын көрсетеді. Бұл амал-тәсілдерді үйреніп, пайдалану - тілдің құдіретін танытып, ой-пікірді мәнерлі, парасатты жеткізудің жолдарының бірі.<ref>Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақала