Сәуле Мұханбедианқызы Айтбаева

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Сәуле Мұханбедианқызы Айтбаева (22 мамыр 1960, Торғай облысы) — қазақстандық ірі мемлекеттік қайраткер, заңгер. 2017—2022 жылдары Парламент Сенатының депутаты.

Өмірбаяны

1960 жылы 22 мамырда Торғай облысы, Жақсы ауданы, Жақсы ауылында дүниеге келді.

Еңбек жолын 17 жасында Торғай облысы, Жақсы аудандық прокуратурасының кеңсе меңгерушісі болып бастады. Келесі жылы Торғай облысы, Жақсы аудандық комсомол комитетінің машинисті болды.

1983 жылы Свердлов заң институтынзаңгер” мамандығы бойынша тәмамдап, Целиноград облысы, Ленин аудандық прокуратурасының тәжірибешісі, келесі жылы тергеушісі болды.

1985—1988 жылдары Ақмола облысы прокуратурасының ішкі істер органдарындағы тергеу және анықтауды қадағалау департаментінің прокуроры; 1988—1992 жылдары кадр жұмысы жөніндегі прокурордың көмекшісі; 1992—1996 жылдары ұйымдастыру-талдау бөлімінің прокуроры;

1996 жылы Ақмола облысы көлік прокуратурасының ұйымдастыру-инспекторлық жұмысы жөніндегі аға көмекшісі;

1997 жылы “Қазақстан Республикасы Қоғамдық байланыс және ақпарат орталығы” мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бастапқы есеп құжаттарын, есеп беру нысандарын және әдістемесін әзірлеу және енгізу бөлімінің басшысы;

1998 жылы Құқықтық статистика және ақпарат орталығы (департаменті) басшысының орынбасары – Астана қаласы бойынша статистика департаментінің басшысы болды.

1999 жылы Астана қаласы бойынша статистика департаментінің басшысы қызметінен босатылып, Құқықтық статистика және ақпарат орталығы (департаменті) басшысының орынбасары – Ленин ауданы мен Ақмола облысы прокуратурасының Құқықтық статистика және ақпарат орталығы (департаменті) статистика қалыптастыру басқармасының басшысы болды.

Бұдан кейін Айтбаеваның еңбек жолы Бас прокуратурада жалғасты:

2001 жылы Бас прокуратура жанындағы Құқықтық статистика және ақпарат орталығы басшысының орынбасары болып тағайындалды.

2003 жылы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті төрағасының жай орынбасары болса, 2 жылдан кейін бірінші орынбасары болып тағайындалды.

Бірінші орынбасарлығын 7 жыл атқарғаннан кейін, 2012 жылы аталған комитеттің төрағасы атанды.<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>

Лауазымынан 2017 жылы босатылып, 6 айдан кейін Қазақстан президентінің  бұйрығымен Парламент Сенатының депутаты болып тағайындалды. Кейін Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетіне енді.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

Марапаттары

  • «Қазақстан Республикасы прокуратурасының құрметті қызметкері» (2001) атағы бар,
  • «Ерен еңбегі үшін» (2005),
  • «Астананың 10 жылдығы» (2008),
  • «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011),
  • «Қазақстан Республикасының прокуратурасына 20 жыл» (2011) медальдарымен марапатталған.
  • Екінші дәрежелі «Даңқ» Ордені (2014)

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының VI шақырылым депутаттары