Сәуле Жүнісқызы Әбішева
Сәуле Жүнісқызы Әбішева (27 наурыз 1955, Алматы) —филология ғылымның докторы (2003), профессор (2005).
1976 жылы ҚазПИ бітіріп, 1987 жылы сонда аспирантурасын тамамдады. Алматы қаласындағы орта мектепте мұғалім (1976–1983), 1987 жылдан бері ҚазПИ-де оқытушы, диссертациялық кеңестің ғалым-хатшысы (1993–1998, 2002–2005), ал 2006 жылдан осы университте кафедра меңгерушісі қызметін атқарады. «Табиғат әлемінің» поэтикалық жүйесі: құрылымы мен семантикасы» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Оның ғылыми-зертеу жұмыстарының негізгі бағыты – ХХ ғасырдағы қазақ және орыс поэзиясын қарастыру, өлеңтану, поэтикалық мәтін жүйелілігінің теориялық мәселелері. Әбішева 130 ғылыми жұмыстың, оның ішінде 1 монография авторы.
Шығармалары:
- «Табиғат әлемінің» поэтикалық жүйесі: құрылымы мен семантикасы», 2002;
- «Табиғаттану жүйелері эстетикасы», 2004
Сыртқы сілтемелер
<ref name=source1>Қазақ энциклопедиясы</ref>
Дереккөздер
<references/>