Сәдуақас ата мазары

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Ғимарат Сәдуақас ата мазарыРеспубликалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген сәулет өнері ескерткіші.

Орналасқан жері

Түркістан қаласынан солтүстік батысқа қарай 41 шақырым жерде, Жібек жолы ауылдық округі аумағында, көне Қаратөбе-Сауран археологиялық ескерткішінің оңтүстік-шығыс бетінде 600 метр жерде орналасқан<ref name=":0">«Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығына қарасты тарихи-мәдени ескерткіштер»: жинақ / «Service Press» баспасы, 184 б. Алматы 2025 ж. 68 бет. - ISBN 978-601-7316-24-2</ref>.

Кезеңі

ХІІғ

Мазар сипаты

Заманында қандай болғаны белгісіз, ал қазір тек құлпытасы ғана сақталған. Құлпытасы күйген кірпіштен қаланған. Айналасы темір шарбақпен қоршалған, құдығы бар, күтімді жер. Құлпытасының ұзындығы – 10,2 метр, ені – 1,6 метр, биіктігі – 1,5 метр. Маңында көне шикі кірпіштен қаланып, қирандысы сақталып қалған дуалдар бар.<ref name=":0" />

Тарихи деректер

Сәдуақас ата жайлы деректер өте аз, дегенмен, Әмір Темірдің вакуфтық қолхатында «Хазрати Сағди Уаққас» деген атпен кездеседі. Сәдуақас ата жайында екі түрлі аңыз бар. Бірінде ол Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың сахабасы, яғни көзін көрген сенімді әскер басы делінсе, екіншісінде Әзірет Сұлтанның ұрпағы деп көрсетілген. Бұрын басында кесене де, мешіт те болған сияқты, бізге дейін жеткені мазардың оңтүстік бөлігіндегі дуалы ғана. Жалпы жер көлемі 2,0 га. Қала тұрғындары да жерленген Сәдуақас ата мазарының көлемі 1-1,5 га, мұнда көптеген көне молалар ізі сақталған. Мазаратта «хазира» деп атайтын дуалдан тік төрт бұрышты етіп қоршалған жерлер бар, олардың саны бесеу, әрқайсысында ескіден келе жатырған топырақ үйіндісі түріндегі молалар да сақталған. Олар ұзына бойымен С-О бағыты бойынша тұрғызылған, оңтүстік қабырғасынан кіріп-шығатын ойық жасалған, сірә, жанұялық мазарлар болған сияқты. Қорымның басты нысаны болып Сәдуақас ата құлпытасы есептеледі. Ол Әмір Темірдің Әзірет Сұлтан кесенесіне берген «Вакфнамесінде» «Сағди Уаққас» деген атпен аталып, оның ұрпақтарына Мір Қарасу арығының бойынан екі қос жер (10 га) мәңгілікке тегін пайдалануға беріледі делінген. Әмір Темір Қожа Ахмет Ясауи, Шайдайы Шайх (Сидақ ата), Сағди Уаққас (Сәдуақас) сияқты үш әулиенің ұрпақтарына ғана вакфтық жер мен өзен, жылға, арықтар бөлген, осыған қарағанда, XIV-XV ғғ. Түркістан өңіріндегі мыңдаған әулиенің ішінен осы үшеуі ең атақты да ел қадірлеген адамдар болған сияқты. Ел ішіндегі аңыз бойынша Сағди Уаққастың кәсіпшілігі қасапшылық болған сияқты, әлі күнге дейін Түркістан ауданындағы қасаптары оны өздерінің Пірі деп есептеп, аса қадірлейді. Сәдуақас ата да «Сауранның тоғыз бабының» бірі болып табылады.<ref name=":0" />

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Түркістан облысындағы республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері