Сүлеймен Мәдияров
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Сүлеймен Мәдияров (1949 жылы туған, Маңғыстау облысы) – мұнайшы. ҚазПТИ-ді (қазіргі ҚазҰТУ) бітірген (1989).
- 1966 – 1980 жылдары «Жетібай мұнай кәсіпшілігі» басқармасында мұнай жабдықтарын жөндеу слесарі, бұрғылау қондырғыларының моторшысы, жүргізуші.
- 1980 – 1989 жылдары автотізбек бастығы, МТКБ бастығының орынбасары,
- 1989 жылдан БТКБ бастығы болды.
- «Ерен еңбегі үшін» (1981) медалімен марапатталған.<ref>Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;</ref>
Дереккөздер
<references/>