Станислав Рамазанұлы Ердәулетов
Станислав Рамазанұлы Ердәулетов (1941 жылы туған, Жамбыл, қазіргі Тараз қаласы) – география ғылымдарының докторы (1994), профессор.
ҚазМУ-ды (1964, қазіргі ҚазҰУ) бітірген соң әр түрлі мекемелерде инженер-экономист, аға инженер, аға экономист (1964–72), Қазақстан Геология институтында аға ғылыми қызметкер, сектор меңгерушісі (1972–73), ҚазМУ-да доцент, кафедра меңгерушісі, декан (1973–93), ҚазҰПУ-да кафедра меңгерушісі (1993–94) болды, ал 1995 жылдан ҚазҰУ-да профессор, кафедра меңгерушісі қызметін атқарады.
1993 ж. «Проблемы комплексного развития и территориальной организации туризма Республики Казахстан» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Ердәулетов 140-тан астам ғылыми мақаланың, оның ішінде 6 монографияның авторы.<ref name=source1>Қазақ Энциклопедиясы</ref>
Сыртқы сілтемелер
http://tourism.kspi.kz/index.php?option=com_content&view=article&id=140Үлгі:Deadlink
Дереккөздер
<references/>