Семен Трофимович Пономарчук
Семен Трофимович Пономарчук(1922, Украина, Николаев облысы, Первомайский ауданы, 2-Екатериновка селосы - 21.4.1978, Украина, Кировоград облысы, Гайворон ауданы, Сальков кенті) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, сержант, бөлімше командирі,украин. Кеңес әскері қатарына Қостанай облысы Обаған ауданы комиссариатынан 1941 жылы шақырылды. Сол жылдан майданда болды (1-Беларусь майданы, 7-гвардиялық атты әскер корпусы, 15-гвардиялық атты әскер дивизиясының 116-гвардиялық жеке сапер эскадроны). 1945 жылы сәуір айының соңында алдыңғы қатардағы бір топ саперлерді бастаған Пономарчук канал арқылы өтіп, миналанған көпірге жетті. Топ көпірді миналардан та- зартып, Кеңес әскерінің қалған күші келіп жеткенше бекіністі қорғап тұрды. Осы ерлігі үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Пономарчукке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (15.5.1946). <ref>А 31 Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет. ISBN 9965-893-73-Х</ref>
Дереккөздер
<references/> Үлгі:Stub Үлгі:Wikify