Сарқан асуы
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Тау Сарқан асуы – Сарқан жотасындағы асу.
Географиялық орны
Қазақстан (Жетісу облысы Сарқан ауданы) мен Қытай шекарасы аралығында, 4200 м биіктіктегі қар сызығында, Қоңыроба тауының шекарасында орналасқан.
Жер бедері
Асудан шілде–қыркүйек айлары аралығында ғана өтуге болады. Солтүстігінен Сарқан, оңтүстігінен Демікпе өзендерінің салалары бастау алады.
Климаты
Климаты биіктаулық, континенттік. Қыстың орташа температурасы -12–14°С, жазда 12–16°С. Жылдық жауын-шашын мөлшері 800–1000 мм. Асу етегі жазда жайлау ретінде пайдаланылады.<ref>АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5</ref>