Сарыжар

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Елді мекен-Қазақстан

Сарыжар (2014 жылға дейін — Хлебодаровка)<ref>Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының Хлебодар ауылдық округін Сарыжар ауылдық округі және Хлебодаровка ауылын Сарыжар ауылы деп қайта атау туралы</ref> — Ақтөбе облысы Мәртөк ауданындағы ауыл, Сарыжар ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны

Аудан орталығы - Мәртөк ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 25 км жерде.

Халқы

1999 жылы тұрғындар саны 1845 адам (945 ер адам және 1000 әйел адам) болса, 2009 жылы 3567 адамды (1770 ер адам және 1797 әйел адам) құрады.<ref name="source122">2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том Үлгі:Webarchive</ref>

2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 4963 адамды (2437 ер адам және 2526 әйел адам) құрады.<ref>2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары</ref>

Тарихы

Іргесі 20 ғасырдың 30-жылдары ұжымдастыру кезеңінде қаланған. 1965-1995 жылдары астық өсіретін кеңшар орталық болды. Оның негізінде Хлебодаровкада «Нұр» ЖШС-і және «Талант», «Айнагүл» шаруа қожалықтары құрылды.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref> Ауыл әкімі Мулькаев Бақытжан.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Мәртөк ауданы елді мекендері