Сапар Халилұлы Аманбеков
Үлгі:Infobox Biography Сапар Халилұлы Аманбеков - 1959 жылы 28 қаңтарда Тәжік КСР Октябрь ауданында туған. Қазақ.
Әкесі - Аманбеков Халил Аманбекұлы, марқұм, физика және математика пәндерінің оқытушысы болған. Анасы - Қазиева Дана (1941 ж. т.), зейнеткер.
Жамбыл гидромелиорация-құрылыс институтын бітірген (1981), инженер-құрылысшы.
«Нұр Отан» ХДП мүшесі (1999 жылдан).
1974-1975 жылдары - Шымкент облысы Жетісай ауданының Ленин атындағы мақта өсіру көңшарында ауыл шаруашылық жұмысшысы. 1981 жылдан - ӨзКСР «Жизақоблжөндеуқұрылыс» ЖМК-10 жұмыстар атқарушысы. 1982 жылдан - Шымкент облысы Жетісай ауданының Ленин атындағы мақта өсіру кеңшарында жүмысшы, шебер. 1984 жылдан - Жамбыл облыстық коммуналдық комбинатының бас инженері. 1988 жылдан - «Облжылукоммунэнерго» ЕТҚ қазандығының бастығы (Жамбыл қалысы). 1990 жылдан - Жамбыл қаласының шаруашылық есептік жобалау-өндірістік сәулет-жоспарлау бюросы бастығының орынбасары. 1991 жылдан - Жамбыл көп салалық коммуналдық шаруашылық кәсіпорнының бастығы. 1998 жылдан - Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының мемлекеттік коммуналдық шаруашылық кәсіпорнының өндірістік-экономикалық бөлім бастығының м.а., абоненттік қызмет бастығы, бас инженері. 2000 жылдан - «Өзенинвест» МҚК бас инженері, директордың өндіріс жөніндегі орынбасары, директоры (Жаңаөзен қ.). 2005 жылдан - Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары м.а., әкімнің орынбасары.
2009 жылдан бері - Маңғыстау облыстық Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы.
Әскери атағы - запастағы капитан.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>
Дереккөздер
<references/>