Самат Сатыбалдыұлы Әбіш

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер

Самат Сатыбалдыұлы Әбіш (20 тамыз 1978, Іле ауданы, Алматы облысы) — қазақстандық мемлекеттік және әскери қайраткер, мемлекеттік қауіпсіздік органдарының қызметкері. Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі.

Өмірбаяны

Самат Сатыбалдыұлы Әбіш 1978 жылы 20 тамызда Қазақ КСР-і Алматы облысындағы Энергетический ауылында Қазақстанның тұңғыш президентінің кенже інісі Сатыбалды Әбішұлы Назарбаевтың отбасында дүниеге келген. Ұлы жүздің шапырашты руынан шыққан. Ол өз тегін атасы Әбіш Назарбаевтың құрметіне алды. Ағасы — Қайрат Сатыбалдыұлы.

2000 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің академиясын, ал 2002 жылы Ресей Федерациясының Сыртқы барлау қызметінің академиясын бітірген.

Отбасы

  • Әкесі — Назарбаев Сатыбалды Әбішұлы.
  • Анасы — Назарбаева Светлана Мырзахметқызы, «Дәуір» баспасының жетекшісі.
  • Ағасы — Қайрат Сатыбалдыұлы
  • Әйелі — Аида Алматбекқызы Назарбаева
  • Балалары — Әбіш Әмина Саматқызы, Әбіш Жәмилә Саматқызы<ref>Қазақстан Республикасында Кімнің Кім екені - 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>

Мемлекеттік қызметі

ҚР ҰҚК академиясын (2000); РФ СБҚ академиясын (2002) бітірген.

Қазақ, орыс және неміс тілдерін біледі.

2000 жылдан - ҚР ҰҚК органдарында қызмет атқарған. 2006 жылдың маусым айынан - ҚР Әділет министрлігі Қылмыстық-үдерістік және қылмыстық-атқару заңнамасы басқармасының қылмыстық-атқару заңнамасы бөлімінің бастығы. 2006 жылдың қыркүйек айынан - ҚР Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитеті төрағасының орынбасары, 2007 жылдан - төрағасы. 2008 жылдың қазан айынан - ҚР Әділет министрлігінің жауапты хатшысы. 2010 жылдан бері - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Орталық аппараты Мамандар департаментінің бастығы.

«Ерен еңбегі үшін» (2007), «Астананың 10 жылдығы» (2008) медальдарымен марапатталған.

Хоббиі

Хоббиі - оқу, футбол.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Wikify