Саид Маратұлы Әйнеков

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Саид Маратұлы Әйнеков 1975 жылы 30 маусымда Алматы қаласында туған. Қазақ.

Әкесі - Әйнеков Марат Өмірсерікұлы, мүсінші. Анасы -Бейсалиева Зияда Садыққызы, зейнеткер, фармацевт болып жұмыс істеген. Т. Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясын бітірген (2005), суретші-мүсінші.

Мүсінші, монументші.

Мүсіндер

  • «Құс» (Стамбул қаласы, Түркия, 2001) мүсіндерінің; «барокко» стиліндегі сарайға арналған мүсіннің, қабырға рельефтерінің, қасбеттің, мәрмәр отырғыштың (Анкара қаласы, Түркия, 2002);
  • Абай мүсінінің (Анкара қаласы, Түркия, 1998); Ататүрік (Сиврихисар қ., Түркия, 2000);
  • Абай Құнанбаевтың (Мәскеу қаласы, Ресей, 2006; Тегеран қаласы,

Иран, 2007) ескерткіштерінің;

  • «Еркіндік таңы» (Алматы қаласы, Қазақстан, 2006) ескерткішінің;
  • «Мағжан Жұмабаев» естелік тақтасының (Анкара қаласы, Түркия, 1999) авторы.
  • Туындылары Таксим муниципалитеті алаңының көрме залында (Стамбул қаласы, Түркия, 1997);
  • «Тарык Зафер Туная» көрме салонында (Стамбул қаласы, Түркия, 1998);
  • «Алтунизадө» мәдениет орталығында (Стамбул қаласы, Түркия, 1998); * Ата-түрік атындағы мәдениет орталығының көрме салонында (Стамбул қаласы, Түркия, 1998);
  • ОДТУ көрме салонында (Анкара қаласы, Түркия, 1998);
  • Йенимахалле муниципалитетінің көрме салонында (Анкара қаласы, Түркия, 1998);
  • Кечиорен муниципалитетінің көрме салонында (Анкара қаласы, Түркия,

1998);

  • «Нефертити» көрме салонында (Анкара қаласы, Түркия,

1998);

  • «Байкуш» көрме салонында (Бурса қаласы, Түркия, 1999);
  • «Түрксав» көрме салонында (Сивас, Ескишехир, Измир қалалары, Түркия, 2000);
  • Чамйюва қолданбалы өнер көрмесінде қойылған;
  • жыл сайын «Форум Фуарджылык» халықаралық көрмелеріне (Анкара қаласы Түркия, 2002 жылдан) қатысқан.

Жұмыстары Англияда, Канадада, АқШ-та, Түркияда, қазақстанда, Жапонияда, Австралияда, Ресейде жеке коллекцияларда сақталуда.

Ресей Суретшілер одағының мүшесі (2006 жылдан). ЮНЕСКО жанындағы Халықаралық суретшілер қауымдастығының мүшесі.

Діни көзқарасы - ұстамды атеист.

Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Аттила.

Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Ең жайдарлы».

Хоббиі - өзім үшін жаңа көкжиектерді ашу. Сүйіп оқитын әдебиеті - Р. Брэдбери, А. Азимов, ғылыми фантастика, жапон поэзиясы. Үйленген. Жұбайы - Бәлялова Ақшолпан Мағауияқызы (1982 жылы тұған), инженер-құрылысшы. <ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Суретсіз мақала бас әріп

Үлгі:WikifyҮлгі:Bio-stub