Рахат Құсайынұлы Қосбармақ
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Рахат Құсайынұлы Қосбармақ<ref>Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;</ref> (1972 жылы туған, Бейнеу ауданы,Қызыләскер ауылы ) – журналист, 2006 жылдан Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі.
- ҚазҰУ-ды бітірген (1994).
- 1990 – 1991 жылдары студенттердің республикалық «Өркен» газетінде корректор, тілші
- 1992 – 1993 жылдары «Жас қазақ»
- 1991 – 1993 жылдары «Рауан» газетінде тілші
- 1994 жылы «Таңшолпан» телекомпаниясында редактор
- 1994 – 2002 жылдары Маңғыстау облысының телерадиокомпаниясында редактор, бас редактор, аға редактор, төрағаның орынбасары
- 2003 жылы «Ар» телестудиясында
- 2004 – 2005 жылдары Маңғыстау облысының кедендік бақылау департаментінде жұмысты ұйымдастыру және бақылау бөлімінің бас маманы, баспасөз қызметінің жетекшісі
- 2006 жылы «Отан» РСП, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ төрағасының орынбасары болды.
- Қазір «Ар.кz» газетінің бас редакторы.
- «Кемпірқосақ» (1996), «Жаздың ең соңғы күні» (1999), «Бекет ата» (2000) кітаптарының авторы.
- Республикалық дәрежедегі бірнеше мүшәйралардың жеңімпазы, облыс әкімінің Құрмет грамотасы (1997), алғыс хаттарымен (2000), бірнеше дипломдармен марапатталған.
- 2002 – 2003 жылдары «Шабыт» фестивалінің дипломанты.
Дереккөздер
<references/>