Рахат Тұрысбекұлы Тілебалдинов
Рахат Тұрысбекұлы Тілебалдинов 1947 жылы 26 наурызда Семей облысының Жарма ауданында туған. Қазақ. В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын (1970) тау-кен инженері мамандығы бойынша; Ф.Э. Дзержинский атындағы КСРО МҚК жоғары мектебін бітірген (1980). Заң ғылымдарының кандидаты, профессор. Қазақ, орыс және неміс тілдерін біледі. 1970 жылдан - Хромтау қаласындағы кеніштің кен шебері; Кеңес Әскерінің қатарында қызметте; ҚазКСР Ғылым академиясы Кен ісі институтының аға инженері. 1974 жылдан - ҚазКСР МҚК 2-ші басқармасының жедел өкілі, аға жедел екілі. 1978 жылдан- КСРО МҚК жоғары мектебінің тыңдаушысы. 1980 жылдан - ҚазКСР МҚК бөлімше бастығы, бөлім бастығының орынбасары, бөлім бастығы, комитет төрағасының көмекшісі. 1986 жылдан - Алматы облысы бойынша МҚК Басқармасының бөлім бастығы. 1987 жылдан - КСРО МҚК 6-шы басқармасында бөлім бастығының аға көмекшісі. 1989 жылдан - ҚазКСР МҚК басқарма бастығының орынбасары. 1991 жылдан - Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша ҰҚК Басқармасы бастығының орынбасары. 1994 жылдан - Семей облысы бойынша ҰҚК Басқармасының бастығы. 1997 жылдың мамыр айынан - ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары. 1998 жылдың қазан айынан - ҚР ҰҚК Институты (1999 жылдан Академиясы) бастығының бірінші орынбасары. 2002-2004 жылдары - «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Тексеру департаментінің бастығы. II дәрежелі «Айбын» орденімен (1999); 6 медальмен марапатталған.
- Запастағы генерал-майор.
- Үйленген. Жұбайы - Тілебалдинова Алтын Сапарқызы, сәулетші. Қыздары - Құралай (1972 жылы туған), мәнерлеп сырғанау бойынша спорт шебері, Камила (1989 жылы туған); ұлы Қайрат (1975 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>
Дереккөздер
<references/> Үлгі:Wikify