Радиохимиялық талдау

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Радиохимиялық талдау<ref name="source1">Қазақстан энциклопедиясы, VII-том</ref> — аналитикалық химияның ядролық өзгерістер өніміндегі радиоактивті изотоптардың сапалық құрамы мен мөлшерін анықтайтын әдістер жиынтығы. Табиғи және жасанды жолмен алынған изотоптардың g және a бөлшектерін шығару активтілігі арнайы спектрометрде өлшенеді. Егер зат изотоптардың қоспасы немесе b сәулесі мен рентген сәулесін шығарса, онда оны суда болмаса қышқылда ерітіп, оған изотопты, изотопсыз өнімді қосып радиохимиялық талдау жасайды. Тұнбаға түсіру, экстракция, хроматография, т.б. әдістермен қоспаны іздестірілуші элементтерге жіктеп, бөліп, тазалайды. радиохимиялық талдау жаңа радиоактивті изотоптар ашуда және олардың қасиеттерін зерттеумен байланысты ғылыми жұмыстарда кеңінен қолданылады.


  • Қазақ энциклопедиясы

<references/> Үлгі:Stub Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақала