Нұртас Нәсірұлы Иманқұл
ИМАНҚҰЛ Нұртас Нәсірұлы <ref>Қазақстан Республикасы Ғылыми Энциклопедиясы</ref> (1951 жылы туған, Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы Мырзакент ауылы ) – Философиялық ғылыми докторы (1997), профессор (2000). ҚазМУ-ды (1973, қазіргі ҚазҰУ) бітірген.
Еңбек жолын Жамбыл облысының Отар станциянда инженерболып бастаған. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеттінде оқытушы, аға оқытушы, кафедра меңгерушісі (1987–98), ал 1998 жылдан Оңтүстік Қазақстан заң институтының ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры. 1995 жылы «Логическое и историческое в исследовании феномена казахской культуры» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады.
ИМАНҚҰЛ Нұртас Нәсірұлы 30-дан астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде 8 монография мен оқу-әдістемелік құралдардың авторы.
Дереккөздер
<references/>