Нұрлан Зайроллаұлы Нығматулин
Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Нұрлан Зайроллаұлы Нығматулин 1962 жылы, 31 тамызда, Қарағанды қаласында дүниеге келген. Мемлекет және қоғам қайраткері. Саяси ғылымдар докторы. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы.
Мазмұны
Өмірбаяны
- 1984 жылы Қарағанды политехникалық институтын, 1985 жылы БЛКЖО ОК жанындағы жоғары комсомол мектебін бітірген.
- 1984-1985 жж. «Қарағанды облгаз» өндірістік бірлестігі автобазасының техника қауіпсіздігі инженері, автоколонна бастығы,
- 1985-1993 жж. Қарағанды қаласындағы Ленин ауданның комсомол комитетінің 1-хатшысы,
- 1990-1993 жж. – Қазақстан Жастар ұйымы комитетінің төрағасы,
- 1993-1995 жж. - «Тенкри» қазақстандық-американдық бірлескен кәсіпорынның президенті,
- 1995-1999 жж. – ҚР Президенті Әкімшілігінің ұйымдық-бақылау бөлімінің мемлекеттік инспекторы, бөлім меңгерушісінің орынбасары.
- 1999-2002 жж. – Астана қаласы әкімінің орынбасары.
- 2002-2004 жж. – ҚР Көлік және коммуникация министрінің орынбасары
- 2004 жылдың маусым айынан, 2006 жылдың қаңтар айы аралығында – ҚР Президенті әкімшілігі жетекшісінің орынбасары.
- 2006 жылдың қаңтарынан, 2009 жылдың қарашасы Қарағанды облысының әкімі.
- 2009 жылдың қараша айынан, 2012 жылдың қыркүйек айы аралығында – «Нұр Отан» ХДП Төрағасының Бірінші орынбасары.
- 2012 жылы 20-шы қаңтарынан, 2012 жылы 3 сәуір аралығында - ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы.
- 2014 жылы 3 сәуірнан, 2016 жылы 21-ші маусым аралығында - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы
- 2016 жылы 22-ші маусымнан бастап - ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы.
Отбасы
Үйленген. Үш баласы бар. Әйелі – Баймұрзаева Венера Хамитқызы. Ұлдары: Нұржан 1988 ж, Нұрхан 1993 ж, Мәди 2003 ж. дүниеге келген. Егіздің сыңары: Нығматулин Ерлан Зайроллаұлы, ҚР Парламенті Сенатының, депутаты табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі Комитет мүшесі.
Басқа да қызметтері
- 2012 жылдан - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі.
- 2009 жылдан - «Нұр Отан» ХДП Саясикеңес Бюросының мүшесі.
- 2000-2002 жж. – «Отан» партиясының Астана қалалық филиалының Төрағасы.
- 2002 ж. – «Air Astana» әуекомпаниясы директорлар Кеңесінің Төрағасы
- 2003 ж. – «Қазақтелеком» ААҚ директорлар Кеңесінің Төрағасы.
- 2002-2003 жж. – «Астана халықаралық әуежайы» АҚ директорлар Кеңесінің төрағасы.
- 2002-2003 жж. – «Ұлттық ақпараттық технология» ЖАҚ директорлар Кеңесінің мүшесі.
- 2013 жылдың сәуір айынан бері - ЕурАзЭҚ Парламенттік Ассамблеясының Төрағасы
Тілдерді білуі
Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгерген.
Марапаттар
- Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев орденінің (2015 ж.)
- 2-ші дәрежелі Барыс орденінің (2009ж.)
- Құрмет орденінің (2004ж) <ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
ISBN 5-89800-123-9</ref><ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>
- «Астанаға 10 жыл» мерейтойлық медалінің (2008)
- «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011)
- «Қазақстан Республикасы Конституциясына 20 жыл»( 2006) медальдарының иегері.
Спортқа әуестігі
Теннис және футбол ойындарын ұнатады.
Дереккөздер
Үлгі:Navigation with columns Үлгі:Stub:Қарағанды облысы: Энциклопедия Үлгі:Wikify