Нышан Елубайұлы Өмірәлі

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Спортшы Нышан Елубайұлы Өмірәлі (11 мамыр 1993, Қаратау2 қазан 2024, Тараз) — қазақстандық паратаеквондошы, екі дүркін әлем чемпионы (Мәскеу-2014, Лондон-2017), Азия чемпионатының күміс жүлдегері (Хошимин-2022), Азия ойындарының күміс жүлдегері (Ханчжоу-2023), Токио-2020 және Париж-2024 жазғы Паралимпиада ойындарына қатысты.

Өмірбаяны

Нышан Өмірәлі 1993 жылы 11 мамырда Жамбыл облысы Қаратау қаласында дүниеге келген. 2006 жылдан бастап паратаеквондомен айналысты. Карьерасын 17 жасында бастады. Паратаэквондодан К44 санаты және 80+ кг салмақ дәрежесінде екі дүркін әлем чемпионы, Азия ойындарының чемпионы және көптеген халықаралық жарыстардың жүлдегері атанды.

Сыртқы сілтемелер

Үлгі:Сыртқы сілтемелер