Ново-Александровск

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
Сурет:Ново-Александровск бекінісі.jpg
Ново-Александровск (Қызылтас) бекінісі. Оңтүстік-шығыстан қарағандағы көрінісі.

Ново-Александровск, Қызылтас бекінісіпатшалық Ресейдің әскери бекінісі, Маңғыстау облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген тарих ескерткіші.

Орналасқан жері

Қарақия ауданы, Сайөтес ауылынан 70 км солтүстік бағытта, Батыс Үстірт шың-кемерінде орналасқан.

Тарихи деректер

Бекініс 1834 жылы Каспий теңізінің солтүстік-шығысында, Адай руы қоныстарының бірі – Қызылтас деген жерде, Хиуа хандығына баратын жол бойына салынған. Патша өкіметі Ново-Александровск бекінісі арқылы жергілікті қазақтар мен түрікмендерді Ресейге біржола бағындыруды көздеді. Бекініс 1846 жылы жойылды.

Бекініс сипаты

Бекініс (2004 жыл) Маңғыстау МТМҚ ММ қызметкерлерімен анықталған.
Ескерткіш бекініс-бастион құрылыс түрінде, батыс жағы бұғазға табиғи шыңмен көмкерілген, бұрыштарында 8 мұнара орналасқан. Бекініс ішінде 20 құрылыс іргетастарының қалдықтары мен қабырға құрлысы әктас пен ұлутастың қашалған кесектерінен қаланған.
Қабырға ені 1 м, 4-7 м ара қашықтықта протехейзм типіндегі құрылыс, яғни атты әскер шабуылына қарсы тігінен көмілген тақта тастар орналасқан. Протехейзм және бекініс қабырғасы арасында орлар қазылған.
Бекініс аумағы - 4,5 га.<ref>М19 Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени ескерткіштерінің жинағы. Маңғыстау облысы. - Өскемен: AsT prime, 2012. - 600 бет. ISBN 978-601-06-2031-5</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер