Ниязов Мірахмет Жүсіпұлы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

НИЯЗОВ Мірахмет Жүсіпұлы (7.7.1891, Ішкі Орда, Андарлы мекені – 12.10. 1943, Алматы) – алғашқы қазақдәрігерлерінің бірі. Астрахан ерлер гимназиясын (1912) және Саратов университетінің медицина факультетін (1916) бітіргеннен кейін Ордада дәрігер болып қызмет атқарды. Осы жылдары Каспий өңірінде белең алған оба ауруын жоюға белсене ат салысты. 1920 – 1923 ж. Бөкей губерниясында денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі болды. 1929 – 1931 ж. Алматыдағы венерология диспансер дәрігері, 1932 – 1943 ж. Шымкент қорғасын з-тының медицина санатория бөлімінің бас дәрігері, Денсаулық сақтау халкомы жоспарлау бөлімінің бастығы, республикада оба ауруына қарсы күресу ст-ның дәрігері болған. Үлгі:Stub Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақала