Нильс Лидхольм

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Футболшы

Нильс Лидхольм (Үлгі:Lang-sv; 8 қазан 1922 жыл, Вальдемарсвик — 5 қараша 2007 жыл, Куккаро-Монферрато) — швед футболшысы, жартылай қорғаушы. Швеция футболы тарихындағы ең үздік ойыншылардың бірі, 1948 жылғы Жазғы Олимпиада чемпионы, Швеция Ұлттық құрамасы мен Италияның "Милан" клубында Гре-Но-Ли лақап атымен әйгілі болған швед триосының өкілі. Кейін бапкерлікпен айналысты.

Кәсіпқой карьерасын туған жеріндегі "Вальдемарсик" клубында бастады. Сосын "Слейпнер", "Норчепинг" клубтарында ойнады. 1949 жылы Гуннар Нордаль, Гуннар Грен үшеуі жұбын жазбай "Миланға" ауысты да, жұлдызды шақтарын бастан өткізді. Алғашқы маусымда-ақ үшеуі 118 голдың авторы атаныпты.

Лидхольм сол күйі Италияға біржола тұрақтап қалды. "Милан" сапында 1961 жылға дейін ойнап, көптеген жүлделерді ұтып алды.

1961 жылы миландық клубтың бапкерінің көмекшісі болды да, сол күйі көптеген жылдар бойы Италияның бірнеше клубтарын жаттықтырды.

Өзі дүниеге келген Вальдемарсвиктің құрметті азаматы<ref>http://www.valdemarsvik.se/en/Publik/Kultur--Fritid/Nils-Liedholm/Nils-Liedhoms-minne-21/Historik/ Үлгі:Webarchive</ref>.

Жетістіктері

Ойыншы ретінде

«Ноорчёпинг»
  • Швеция чемпионы: 1947, 1948
«Милан»
  • Италия чемпионы: 1951, 1955, 1957, 1959
  • Латын кубогы: 1951, 1956
  • Чемпиондар кубогының финалисі: 1958
Швеция құрамасы
  • Олимпиада чемпионы: 1948
  • Әлем чемпионатының күміс жүлдегері: 1958

Бапкер ретінде

  • Италия чемпионы: 1979, 1983
  • Италия кубогы: 1980, 1981, 1984
  • Чемпиондар кубогының финалисі: 1984

Тағы қараңыз

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сілтемелер