Мұсылманбек Жұманұлы Сейітов
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұсылманбек Жұманұлы Сейітов (1887,Омбы қ. — 7.12.1937, Өскемен) — Алаш қозғалысының қайраткері.
Өмірбаяны
- Омбы мұғалімдер семинариясында оқыған.
- Кеңес өкіметі орнағаннан кейін Омбыда мұғалім, Павлодар облысында экономист болып еңбек етті.
- 1937 ж. саяси қуғын-сүргін құрбаны болды.
Қоғамдық жұмысы
- “Бірлік” ұйымының белсенді мүшесі болып, “Балапан” журналының шығуына атсалысты.
- 1917 ж. Ақпан революциясынан кейін қазақтардың саяси белсенділігін арттыру жолында Омбы облыстық қазақ комитетінің құрамына кірді.
- Бірінші жалпықазақтық съезінде Омбы облысы қазақтары атынан Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылды.
- Алаш партиясының мүшесі болды. “Үш жүз” партиясын қазақтар арасындағы тұтастыққа нұқсан келтіреді деп санады.
Дереккөздер
<references/>