Мұнай қалыптасуының басты фазасы
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнай қалыптасуының басты фазасы. Шөгінді таужыныстардағы шашыранды органикалық заттар есебінен мұнай көмірсутектерінің ең қарқынды қалыптасу сатысы. Бұл процесс протокатогенездің соңғы - мезокатагенездің алғашқы сәттерінде температура мөлшері 80-90°С- пен 150-170°С аралығында болған жағдайда аталған органикалық заттардың термикалық деструкцияға ұшырауы салдарынан жүзеге асады. Мұнай қалыптасуының басты фазасы микромұнайдың түпнегіз таужыныстардан жинауыш таужыныстарға қарай жаппай жылыстауымен сипатталады.<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым. — Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0</ref>
Дереккөздер
<references/> Үлгі:Wikify