Мойылды (өзен, Шалқартеңіз алабы)
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мойылды – Шалқартеңіз алабындағы өзен.
Географиялық орны
Ақмола облысы Жарқайың, Қостанай облысы Амангелді аудандарының жерімен ағады. Ұзындығы 91 км, су жиналатын алабы 2360 км2.
Бастауы
Мойылды Қызылтал ауылынан солтүстік-шығыста 16 км жерден басталып, Нарөлген елді мекені тұсында Үлкен Дәмді өзеніне құяды.
Гидрологиясы
Аңғары кең (3 – 5 км), жайылмасы жоғары жағында тар (15 – 20 м), орта тұсында 1 – 3 км-ге жетеді. Жер асты, жауын-шашын суымен толығады; жазда қарасуларға бөлініп, суының минералдығы артады. Басты саласы – Жыланды (38 км). Жылдық орташа су ағымы Бүйректал ауылы тұсында 1,06 м/с. Бүйректал ауылы тұсындағы бөгеннен (590 мың м3) шабындық суландырылады. <ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>