Мирхан Қайырханұлы Дуанбеков
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мирхан Қайырханұлы Дуанбеков - 1960 жылы 16 шілдеде Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының Ырғыз ауылында туған. Қазақ. Әкесі - Дуанбеков қайырхан, марқұм. Анасы - Молыбаева Күләйім (1937 жылы туған), зейнеткер, аудандық кітапхананың директоры болып жұмыс істеген. Қазақ және орыс тілдерін біледі.
Хронологиясы
- Батыс қазақстан ауыл шаруашылығы институтының ауыл шаруашылығын механикаландыру факультетін (1983) инженер-механик мамандығы бойынша;
- Алматы саясаттану және басқару институтын (1991) саясаттанушы мамандығы бойынша бітірген.
- «Нұр Отан» ХДП мүшесі.
- 1976 жылдан - Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының «Toyin» кеңшары фермасының тракторисі.
- 1977 жылдан - Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институты дайындық курсының тыңдаушысы, 1978 жылдан - студенті.
- 1983 жылдың қарашасынан - Ырғыз аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының техника қауіпсіздігі жөніндегі инженері.
- 1984 жылдан - техникалық бақылау инспекциясының бас инженері,
- 1985 жылдан - Ырғыз аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының бас инженері.
- 1986 жылдың наурызынан - Ырғыз аудандық комсомол комитетінің екінші хатшысы,
- 1986 жылдың қыркүйегінен - бірінші хатшысы.
- 1989 жылдан - Алматы саясаттану және басқару институтының тыңдаушысы.
- 1991 жылдың қаңтарынан - Ырғыз аудандық атқару комитетінің жоспарлау комиссиясының төрағасы.
- 1991 жылдың қазанынан- Ырғыз ауданының әкімі аппаратының экономика бөлімінің меңгерушісі.
- 1992 жылдың наурызынан - Ырғыз ауданының XXIV партсъезд атындағы кеңшарының бас экономисі.
- 1992 жылдың мамырынан - Ырғыз аудандық автокөлік мекемесінің бастығы.
- 1996 жылдан - Ырғыз ауданы «Нұра» өндірістік кооперативінің төрағасы.
- 1999 жылдың қаңтарынан - Ырғыз ауданы «Жармола» ЖШС директоры.
- 2003 жылдың наурызынан - Ырғыз ауданы құмтоғай ауылдық округының әкімі.
- 2005 жылдан - Ырғыз ауданы әкімінің орынбасары.
- 2006 жылдың қазанынан бері - Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының әкімі.
Жетістіктері
- «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған (2009).
Әскери атағы - аға лөйтенант. Үйленген. Жұбайы - Дуанбекова Миуа Жексенбайқызы (1959 жылы туған), «Елшіхан» ЖШС төрағасы. ұлдары - қайырхан әулеті Сабырхан Мирханұлы (1983 жылы туған), Мирханұлы Абылайхан (1993 жылы туған), Мирханұлы Елшіхан (2000 жылы туған); қызы - Дуанбекова Гүлгүл Мирханқызы (1986 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>
Дереккөздер
<references/>