Металлист (футбол клубы)
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
«Металлист» (укр. ФК «Металіст») —Харьков қаласынан украиндық футбол клубы.Қазіргі таңда Украин чемпионатында футболдан ойнайды.2012—2013 жылдағы маусымда Украина чемпионатының күміс жүлдегері.Футболдан жеті мәрте Украинада қола иегері атанды.
Атаулары
- 1925—1945 — «ХПЗ» — [Малышев атындағы завод]
- 1939—1940 — «Зенит» — «Зенит» спорт қоғамының атынан
- 1945—1946 — «Трактор»
- 1946—1956 — «Дзержинец»
- 1956—1967 — «Авангард»
- 1967 — қазіргі кезге дейін— «Металлист»
Президенттері
- Валерий Бугай — 1996—2001
- Александр Фельдман — 2001—2004
- Александр Ярославский — 2004—2012
- Сергей Курченко —2012 жылдан— қазіргі таңға дейін
Мәліметтер
- Алғашқы ресми футбол матчы Харьков қаласында 1910 жылдың 8 мамыр күні қаланың алғашқы және екінші футбол құрамаларының арасында стандарт бойынша футбол алаңында, яғни қазіргі кездегі Харьков өнер институтының алдында,Чернышевский көшесі 79 болды.
- Харьков «Металлисті» — Украинаның жоғарғы лигадағы футбол құрамаларының арасындағы ең ескі футбол командаларының бірі.Ресми түрде 1925 жылы құрылды. Негізінен футбол командасы алғашқы рет ойынға Харьковта 1921 жылы қатысқан.
- Футбол құрамасының тарихындағы ең қымбат жартылай қорғаушы аргентиналық Алехандро Гомес болатын.Оның контрактісі 2013 жылы тамыз айында 11 миллионов евроға шықты.