Маңғыстау шығанағы
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Шығанақ Маңғыстау шығанағы – Каспий теңізінің солтүстік-шығысында.
Географиялық орны
Бозащы және Түпқараған түбектері аралығында, құрлыққа 100 км шамасында еніп жатыр. Маңғыстау облысы Түпқараған ауданында жатыр. Батыс бөлігі Түлен (Тюлень) аралдарымен ұштасады.
Сипаты
Шығанақтың теңізге шығар жеріндегі жалпақтығы 65 – 70 км. Суының тереңдігі 13 метр. Беткейлері тік жарлы (биіктігі 150 м-ге жетеді). Ал Бозащы түбегін шайып жатқан жағасы жатық. Шығанақ түбі құмды. Қыста суы қатады.
Геологиясы
Түпқарағанға тірелген оңтүстік жағасы неогеннің әктас, құм, саздақ жыныстарынан түзілген.<ref>Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5</ref>