Мақсат Оңғарбайұлы Ибағаров

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Мақсат Оңғарбайұлы Ибағаров (24 қараша 1970 жыл, Дашоғыз облысы, Түрікмен КСР) – қазақстандық мемлекеттік қайраткер, Жаңаөзен қаласының бұрынғы әкімі (2019–2022).

Білімі

1992 жылы мұнай мен газ ұңғымаларын эксплуатациялау механигі мамандығы бойынша Жаңаөзен мұнай мен газ колледжін бітірген.

1999 жылы мұнай мен газ кенорындарын игеру инженері мамандығы бойынша Ш. Есенов атындағы Ақтау университетін бітірген<ref>Акимом Жанаозена назначен Максат Ибагаров</ref>.

Өмірбаяны

1992-2000 жылдары — «Өзенмұнайгаз» ӨБ МГӨБ – 2 жетекші инженер-геологы, мастеры, операторы, МГӨЦ-8 бастығының орынбасары, «Өзенмұнайгаз» ӨБ МГӨБ-1 МГӨЦ – 2 бастығы.

2000-2002 жылдары — «Өзенмұнайгаз» ААҚ ТӨБ бас инженері, МГӨБ – 2 директорының орынбасары, ҰКЖ және бұрғылау департаментінің жетекші инженері.

2002-2008 жылдары — «Өзенмұнайгаз» ӨФ МГӨБ -1 және МГӨБ – 3 бас инженері, МГӨБ-2 және МГӨБ-4 бастығы.

2008-2013 жылдары — «Өзенмұнайгаз» ӨФ МГӨБ – 2 бастығы, кәсіби комитет председателі.

2013-2016 жылдары — «Өзенмұнайгаз» АҚ бас директоры.

2016-2017 жылдары — «Қазмұнайгаз» БӨ басқарушы директоры.

2017-2019 жылдары — «Өзенмұнайгаз» АҚ транспорт пен әлеуметтік сұрақтар бойынша бас директорының орынбасары.

2016 жылдың 24 наурызынан — Маңғыстау облыстық мәслихатының алтыншы шақырылым депутаты<ref>Мангистауский областной маслихат — Ибагаров Максат Онгарбаевич Үлгі:Webarchive</ref>.

2019 жылдың 4 қыркүйегінен 2022 жылды 5 сәуіріне дейін— Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен қаласының әкімі<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>.

2022 жылдың сәуірі - «Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамының генералды директоры болып тағайындалды<ref>Үлгі:Cite web</ref>.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер