Мағзом Бижанұлы Сүндетов (жазушы)
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Сүндетов Мағзом (1936 — 1999) Атырау облысы, Доссор кәсіпшілігінде туған.<ref>"Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері", Анықтамалық,"Білім" баспасы, Алматы, 2005 ж., ISBN 9965-09-134-Х1981-89</ref>. 1956 жылы Қазақ мемлекеттік университеті филология факультетінің журналистика бөлімін тамамдаған.
"Жазушы" баспасында редактор, аға редактор, бөлім меңгерушісі, 1990-1996 жж. "Ана тілі" баспасының бас редакторы болды.
"Еңбектегі ерлігі үшін" медалімен, Қазақ КСР жоғарғы Кеңесінің құрмет Грамотасымен марапатталған.
"Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері" атағын алған.
Шығармалары
- "Балық аулай барғанда". Әңгімелер. А., ҚМКӘБ, 1963;
- "Күтем сені, Дидар". Повесть. А., «Жазушы», 1965;
- "Ескексіз қайық". Роман. А., «Жазушы», 1968;
- "Үзеңгі жолдас". Повестер мен әңгімелер. А., «Жазушы», 1969;
- "Құмдағы ауыл". Повестер мен әңгімелер. А., «Жазушы», 1973;
- "От ішіндегі адам". Повесть. А., «Жалын», 1976;
- "Қызыл ай". Роман. А., «Жазушы», 1978;
- "Еліктің лағы". Повестер мен әңгімелер. А., «Жалын», 1981;
- "Бесқонақ". Повестер мен әңгімелер. А., «Жазушы», 1985;
- "Шайтан базар". Таңдамалы. А., «Жазушы», 1997.<ref>https://adebiportal.kz/kz/authors/view/1972</ref>