Махмұд Хабайдоллаұлы Абдрахманов
Үлгі:Infobox Biography Махмұт Хабайдоллаұлы Абдрахманов (20 шілде 1934 жыл Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Ташкенсаз ауылында туған) - Филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан ұйғыр әдебиеті тарихы авторларының бірі.
Өмірбаяны
- 1958 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген.
- Ұйғыр тіліндегі «Коммунизм туғи» газетінде әдеби қызметкер
- Қазақ КСР Ғылым академиясының Ұйғыртану бөлімінде аға ғылыми қызметкер болып істеген.
- 1983 жылдан Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде ұзтаздық етіп келеді.
Ғылыми еңбектері
Оның ұйғыр, қазақ және орыс тілдерінде, әр түрлі басылымдарда жарияланған 200-ден астам мақалаларында ұйғыр ақын-жазушыларының шығармашылық жолы, ұлт әдебиетінің даму ерекшеліктері, әдеби байланыстар зерделенген.<ref>Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9</ref>
М.Абдрахманов — орта мектепке арналған әдебиет бағдарламаларының және оқулықтары авторларының бірі.
Шығармалары мен еңбектері
Бірнеше өлеңдер жинағының авторы. Ол Абай, Пушкин, Р.Ғамзатов, Х.Ерғалиев, Қ.Мырза-Әли, Т.Молдағалиев, т.б. өлеңдерін ұйғыр тіліне аударған. Өз өлеңдері қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген.
- "Жүрек жырлары". Өлеңдер. «Жазушы», 1967;
- "Ұйғыр совет әдебиеті тарихы". «Ғылым», 1967;
- "Әрлеу үстінде". Әдеби-сыни мақалалар. «Жазушы», 1977;
- "Белестер". Өлеңдер. «Жазушы», 1983;
- "Адымдар. Өлеңдер. «Жазушы», 1984;
- "Ұйғыр совет әдебиетінің тарихы". «Ғылым», 1986;
- "Жылдар жаңғырығы". Мақалалар мен өлеңдер. Чонжа, 1999;
- "Түйіндер". Өлеңдер мен мақалалар. «Білім», 2004;
- "Шеберлік шыңына үмтылып". «Мир», 2009;
- "Ұйғыр әдебиеті". Оқулық пен хрестоматия, 8 сынып үшін. «Мектеп», 2000;
- "Ұйғыр әдебиеті". Оқулық пен хрестоматия, 10 сынып үшін. «Мектеп», 2003.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса — Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>
Дереккөздер
<references/>