Мамлют қорықшасы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Қорық аймағы Мамлют1974 жылы құрылған мемлекеттік табиғи зоологиялық қорықша. Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1986 жылғы 17 ақпандағы № 69 қаулысымен қорықша республикалық маңызы бар қорық санатына ауыстырылған. Ауданы 52 400 гектарды құрайды. Құрылу мақсаты – сүтқоректілердің, суда жүзетін құстардың сирек түрлерін сақтау.

Географиялық орны

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы жерінде орналасқан. Қорықшаның солтүстік шекарасы Щучье ауылынан басталып Студёное ауылы арқылы Лебёдки ауылына дейін жетеді. Шығысы – Лебедки ауылынан Беловка, Калугино, Краснознамённое ауылдары арқылы ПетропавлМамлют тас жолына дейін жетеді. Оңтүстік шекарасы Петропавл – Мамлют жолымен Мамлютке дейін өтеді. Батыс шекарасы Мамлюттен Белое және Щучье ауылдарына дейінгі жолдың бойымен өтеді.

Фаунасы

Қорықша аумағында мекендейтін жануарлар мен құстар түрлері аз, олар: жабайы шошқа, бұлан, елік, түлкі, қоян, орман сусары, жанаттәрізді ит, күзен, сары күзен, борсық. Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген түрлер: сұңқылдақ аққу, ақбас үйрек, шиқылдақ қаз, қызылжемсаулы қарашақаз, сұр тырна, ақбас тырна, бақалтақ қыран, дала қыраны, қарақұс, бүркіт, ителгі, үкі, орман сусары. Ормандар мен көлдерінде ұя салатын құстар: қаз, үйрек, сұр тырна, үкі, жапалақ, аққұйрықты субүркіт, құтан, кекілік, құрлар, балықшы құстар, бірқазан. Қорғауға алынған жануарлар түрлері: кәдімгі құрбақа, жасыл құрбақа, сібір бақасы, секіргіш кесіртке, тірі туатын кесіртке, кәдімгі сарыбас жылан, дала сұр жыланы, ақмаңдайлы қаз, сұр қаз, қоңыр үйрек, барылдауық үйрек, ысылдақ шүрегей, даурықпа шүрегей, көк сүңгуір, айдарлы сүңгуір, қасқалдақ, мамырқұс, бөдене, аққұр, сұр құр, шұбарқұр, шетен сайрағы, бұлан, елік, жабайы шошқа, құндыз, түлкі, қарсақ, дала күзені, борсық, ондатр, жанаттәрізді ит, кермарал, қасқыр, аққалақ, сары күзен, американдық қара күзен, ақкіс, ақ қоян, ор қоян, тиін, орман тышқаны, дала суыры, балпақ, қызылұрт сарышұнақ, сутышқан.<ref>Сайт "Особо охраняемые природные территории Республики Казахстан" https://oopt.kz/Үлгі:Deadlink</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер