Максим Игорьевич Шевченко

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Футболшы Максим Игоревич Шевченко (27 наурыз 1980) — қазақстандық футболшы, жартылай қорғаушы. Қазақстан Ұлттық футбол құрамасында ойнаған.

Карьерасы

Клубтық

Карьрерасында Ресей және Қазақстан клубтарында ойнады.

2003 жылы Тольяттидің "Лада" клубы сапынан Қостанайдың "Тобыл" командасына ауысты да, футболшылық ғұмырының қалған бөлігінде тек қазақ клубтарында доп тепті.

2010 жылы Алматының "Іле-Сәулет" командасы сапында ойнап жүріп карьерасын аяқтады.

Құрама

Ұлттық құрама сапында бірінші рет 2000 жылы 10 желтоқсан күні БАӘ құрамасына (2:5) қарсы ойнады. Алғашқы голын 2001 жылы 21 сәуірде ӘЧ-2002 іріктеу турнирінде Непал (4:0) қақпасына соқты.

Құрама сапында 2000-05 жылдары 11 кездесуде алаңға шығып, 3 доп соқты.

Бапкерлік

Кейін бапкерлікпен айналысты. "Іле-Сәулет", "Қайрат" клубтарының бапкерлік штабында жұмыс жасады.

2018 жылы "Рузаевка" клубының бас жаттықтырушысы болды.

2019 жылы Ресей клубтарына ауысты.

Құрамадағы голдары

# Дата Қала Қарсылас Нәт Турнир
1. 21. 04. 2001 Алматы, Қазақстан Непал 4–0 ӘЧ-2002 іріктеуі
2. 17. 04. 2002 Вентспилс, Латвия Латвия 2–1 Жолдастық
3. 12. 02. 2003 Валетта, Мальта Мальта 2–2 Жолдастық

Отбасы

Інісі Игорь де футболшы (1984 жылы туған). Тоьяттидің "Лада" клубында және Қазақстанның бірінші лигасында ойнаған.

Сілтемелер