Максим Иванович Самородов
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Максим Иванович Самородов (29 шілде 2002<ref>https://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/713071</ref>, Ақтөбе, Қазақстан) — қазақстандық футболшы, Қазақстан Ұлттық футбол құрамасы мен "Ахмат" клубының шабуылшысы.
Карьерасы
Клубтық
"Ақтөбе" клубының түлегі. 2019 жылы 5 қазанда "Қайратқа" қарсы ойында тұңғыш рет алаңға шықты.
2021 жылы 2 шілдеде "Ақжайықтың" қақпасына екі доп соғып, ұлттық чемпионаттағы голдар есебін ашты.
Ұлттық
Ұлттық құрама сапындағы тұңғыш ойынын 2021 жылы 28 наурызда Францияға қарсы өткізді.
2023 жылы 23 наурызда ЕУРО-2024 іріктеуінде Словениямен ойында есеп ашты, бірақ құрама 1:2 есебімен ұтылып қалды.
Жетістіктері
Клубтық
- Қазақстан бірінші лигасының жеңімпазы: 2020