Көбей би
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Көбей би - 1710-1785 жылдар аралығында өмір сүрген, халқына белгілі шешен, би атанған. 1779-1780 жылдардағы "Еңлік-Кебек" оқиғасының ішінде болып жолсыз жазаға ұшыраған екі жастың өліміне қатты қайғырып, тебіренген Көбей би шешендігі туралы жазушы Мұхтар Әуезов "Еңлік-Кебек" атты драмасында көрсеткен. Көбей би айтты деген ел ішінде көптеген шешендік алғыр, ойлы сөздер қалған. "Ақырында мен ғаріп" атты толғауды Еңлік - Кебектің жазықсыз жазаға ұшырағаннан кейін айтқаны:
- Осы кезде кім ғаріп,
- Бірлігі жоқ ел ғаріп.
- Еркімен ел жайламай,
- Құлазып тұрған жер ғаріп.
- Қаз-үйрек ұшып қонбаған,
- Айында шалқар көл ғаріп.
- Көмек тимей қорлықпен,
- Арманда өлген ер ғаріп.
- Мақсатына жете алмай,
- Ерікті өмір ете алмай,
- Көзінің жасы сел болып
- Зарлап өлген ару қыз,
- Бәрінен де сол ғәріп.
- Қәдірін біліп ұқпаса.
- Нақыл айтқан сөз ғаріп.
<ref>"Аталы сөз баталы іс" 2006 ж. "Нұрлы Әлем" баспасы</ref>
Дереккөздер
<references/>