Кирилл аралдары

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Архипелаг Кирилл (Керел) аралдарыКаспий теңізінің Бозащы жағалауындағы аралдар тобы.

Орналасқан жері

Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданында орналасқан.

Сипаттамасы

1852 жылы топограф П.А. Алексеев аралдардың санын бесеу деп көрсеткен. Кейбір аралдардың арасы теңіз көтерілгенде суға толып, кейіннен құрлықтан келетін тұзды балшықтармен бөлініп қалады. Кирилл аралдарын қазақтар өз тілдерінің үндестік заңына бейімдеп Керел деп кеткен. Кирилл аралдарының ең ірісі – Жалғызтөбеден қазір мұнай өндіріледі.<ref>АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер