Кеңөткел қорымдары

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
Сурет:XVIII Кеңөткел қорымындағы археологиялық қазба жұмыстары.jpg
XVIII Кеңөткел қорымындағы археологиялық қазба жұмыстары.

Кеңөткел қорымдары – ерте темір, қола дәуірлерінен сақталған қоныс орындары, Ақмола облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енген археология ескерткіші.

Орналасқан жері

Зеренді ауданы, Кеңөткел ауылының солтүстік-шығысына қарай 0,9-3 км аралығы; оңтүстігіне қарай 1 км; оңтүстік-шығысына қарай 2 км; оңтүстік-батысына қарай 0,5 км; солтүстік-шығысына қарай 0,8-4 км аралығы; солтүстік-батысына қарай 0,8 км; солтүстігіне қарай 450 м; оңтүстік-батысына қарай 250 м; шығысына қарай 0,5 км; солтүстік-шығысына қарай 0,6-0,7 км аралығы; батысына қарай 500 м-1,2 км аралығы; солтүстігіне қарай 250 м жерлерде орналасқан.

Қазба жұмыстары, қорым сипаты

XIX Кеңөткел құрылысы бірнеше типті көрсететін 37 жерлеу ғимараттарынан тұрады. Олардың кейбіреуінің астына тас төселіп, жоғарғы жағын топырақтан тұрғызған. Тас төсеніш шеңбер түрінде және "сегіз" саны немесе жалғастыра салынған құрылыс жайы бар "сегіз" саны тәрізді етіп төселген. Топырақтан тұрғызылған қорғандар да осындай.
2007 жылы зерттеулер кезінде қорғандық құрылыстардың біріне қазба жұмысы жүргізілген болатын. Ескерткіш жөнінде барынша толық ақпарат алу үшін 4×4 м шаршы жерді тұтастай ашу әдісі пайдаланылды. 10-20 см деңгей ашылды. Көп кешікпей қоршаулардың бірінің оңтүстік бөлігінен сауыт (ыдыс) табылды, іші адам сүйектеріне толы және он шақты моншақ шықты. Осында тағы төрт сауыттың қалдықтары жатты. Батыс жағынан 50-60 см тереңдіктен жазылған, екі ұшында спираль тәрізді бұрама өрнек салынған қола жүзік, қола сырғаның қалдығы және крест формалы үш қола салпыншақ табылды. Басқа да осыларға ұқсас бұйымдар шықты.
XVIII Кеңөткел қорымын қазу кезінде археологтар аса қызықты мәліметтер алды. Ондағы № 1 шұңқыр деп аталатын жерлеуден қазылып, ішіне трапеция түрінде ағаштан бір, кейде екі қатар шеген-шір жасаған, яғни мұнда тастың орнына ағаш қолданылған. Мола ортадан қақ жарылған ағаш кеспелтектермен жабылып, олардың екі ұшы шұңқырдың сыртқы ернеуіне жатқызылған. Оның түбіне органикалық негізге тігілген қола мен паста әшекейлері бар адамның екі табаны қойылған. Табандар бір-бірінен бөлек, моланың қарама-қарсы жақтарына қойылған. Шұңқырдың іші топырақпен толтырылмай, үсті ортадан қақ жарылған қылқан жапырақты ағаш кеспелтекпен жабылған. Сірә, ол осы қорымға жақын маңдағы шоқыда өсетін қарағай болар. Ағаш жабындының үстіне жерленетін адамның дене қаңқасы анатомиялық ретімен емес, мүшеленген түрде қойылған. Әдеттегідей, тереңдікте қыш сауыт қойылған.
№1 шұңқырдың құрылымында тағы бір қоршау болды. Кеспелтек-жабындының ішіне, жер табанына емшектегі бала ингумация салт-жорасы бойынша жерленген де жанына қыш сауыт және ең азы үш асық қойылған. Сонан соң шұңқыр топырақпен толтырылмастан, сәл жоғарыдан ірі-ірі кеспелтек ағашпен жабылған. Ағаш үстіне үлкен сауыт қойылып, оған басқа бір қайтыс болған адамның тұтас және ұсатылған сүйектері, сондай-ақ жануар сүйегімен қоса қыш ыдыстардың сынықтары қойылған.
XVIII және XIX Кеңөткел қорымдарындағы жерлеу салт-жорасы мен жерлеу құрылысының ұқсастығы олардың б. з. д. XV–XII ғасырлардағы Қошқарбай шатқалын мекендеген тұрғындар тобына жататындағын көрсетеді.<ref>АЛТАЙДАН КАСПИЙГЕ ДЕЙІН. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАБИҒИ,ТАРИХИ ЖӘНЕ МӘДЕНИ ЕСКЕРТКІШТЕРІ МЕН КӨРНЕКТІ ОРЫНДАРЫНЫҢ АТЛАСЫ. 3 томдық. Алматы. 2011. 1 т.–584 б., карталар, суреттер. ISBN 978-601-280-215-3, ISBN 978-601-280-216-0</ref>

Қорым көріністерінен

Кейбір табылған заттар

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер