Кескен күйікқала

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Көне қалашық Кескен күйікқала (I-IX ғғ.) – Қызылорда облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археологиялық ескерткіш, Жуанқұм құмының батысындағы төбе.

Орналасқан жері

Қазалы ауданы, Кәукей ауылының солтүстік-батысында 37 км жерде, Сырдария өзенінің сол аңғарында орналасқан.

Сипаты

Ескерткішті алғаш Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясы (С.П. Толстов) зерттеген, 2006 жылы Шірік Рабат археологиялық экспедициясы (жетекшісі Ж.Қ. Құрманқұлов) географиялық координаттарын анықтап, суретке түсірген.
Жоспарында шаршы пішінді цитадельді төбешік, өлшемі 250х200 м, терең емес ормен және табанындағы 5 м болатын қам кесекті қабырғамен қоршалған. Үстінен бірқатар археологиялық материалдар жиналып алынды.<ref>Қ 18 Қазақстан Республикасының тарихи және мәдени ескерткіштерінің жинағы. Қызылорда облысы. – Алматы: Аруна, 2011. – 504 б. ISBN 9965-26-382-5</ref>
Абсолюттік биіктігі 66 м. Шағыл құмтөбелі беткейлері жайпақ, етегі жазық келген. Мал жайылымына қолайлы. Төбенің тарихи қала орны тұрғысынан маңызы зор.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер