Кендірліқиясай
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Шөл Кендірліқиясай – Каспий теңізінің шығыс жағалауындағы шөлді үстірт.
Географиялық орны
Маңғыстау облысы Қарақия ауданында орналасқан. Маңғыстау түбегі мен Қарабұғазкөл шығанағы аралығында, оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай 135 – 140 км-ге созылып жатыр, енді жері 90 км.
Жер бедері
Үстірт теңіз деңгейінен 100-120 м биіктікте, абсолюттік биіктігі 170 м. Өн бойында ойдым-ойдым қазаншұңқырлар (Базыгүрлі-Жазыгүрлі) кездеседі. Тұрақты ағынды өзендері жоқ.
Геологиялық құрылымы
Кендірліқиясай негізінен плейстоцен дәуірінің сармат кезеңі әктасынан түзілген, шөлдік денудациядан мүжілген аласа таулар мен төбелер понт және меотис әктастарынан құралады.
Өсімдігі
Шөлдің сұр, сортаңды қоңыр топырағында көкбуын және сораң өседі.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>