Капиллярлық көтерілу зонасы
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Капиллярлық көтерілу зонасы— ауалану зонасының төменгі бөлігі. Мұнда жер асты сулары капиллярлық мөлшердегі кеуектерде, жарықшақтарда және т.б. қуыстарда капиллярлық күштердің әсерімен асылыңқы жағдайда тұрады. Капиллярлық су жоғары көтерілгенде, оның салмағының кері әсері болады. Судың капиллярлық кернеу күші сулы бағана салмағына теңескенде көтерілу тоқталуға тиіс. Капиллярлық көтерілу зонасының астында олар мен гидравликалық жағынан байланысқан арынсыз грунт сулары жатады.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.</ref>
Дереккөздер
<references/>