Каменные ворота
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
КАМЕННЫЕ ВОРОТА, Тасқақпа – Сайқын тауларының қиыр шығысындағы асу. Қытайдың және Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы шекарасы аралығында. Теңіз деңгейінен 1469 м биіктікте орналасқан. Батыс етегіндегі шатқалдан Ұласты өзені ағып өтеді. Асудан салт атты адам наурыз – қазан айларында өте алады. <ref name="test">Қазақстан Энциклопедиясы</ref>
Сілтемелер
<references/>