Итемген

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Көл ИтемгенАқмола облысы Ақкөл ауданындағы тұйық көл. Теңіз деңгейінен 294,6 метр биіктікте жатыр.

Гидрографикасы

Аумағы 57,4 км2, ұзындығы 11,5 км, енді жері 7,4 км. Жағасының ұзындығы 40,3 км, орташа тереңділігі 1 м (ең терең жері 3,5 м). Су көлемі 57 млн. м3, су жиналатын алабы 1150 км2. Түбі тегіс, тұнба, лайлы. Оңтүстік жағасы жайпақ, батысы тік жарлы келген. Көлге Ақсуат өзені кұяды. Негізінен жауын-шашын суымен толысады. Жоғары деңгейі сәуірде, төменгісі қыркүйек айында байқалады. Қуаң (19311933, 1940, т.б.) жылдары тартылып та қалған. Кейін шарасы қайта суға толған.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том</ref>

Дереккөздер

Үлгі:ДереккөздерҮлгі:Stub