Ильинка қонысы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Ильинка қонысықола дәуірінен сақталған қоныс орны, [Солтүстік Қазақстан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімі]]не енген археология ескерткіші.

Орналасқан жері

Есіл ауданы, Ильинка ауылы маңында, Есіл өзенінің оң жағалауында орналасқан.

Сипаты

1967-68 жылдары археолог Г.Б. Зданович зерттеген.
340 м2 бөлігі қазылып, мұнда аумағы 23х12 м тікбұрыш пішіндес бір үйдің орны ашылды. Жертөле тектес үйдің еденінің тереңдігі 1 м-ге жуық, қабырғалары мен тіреу бағаналарына түрлі жуандықтағы бөренелер мен сырықтар пайдаланылған. Есік ұзындығы 1,5 м, ені 2 м дәліз түрінде шығыс бүйірден шығарылған. Тұрғындар отты 6 ошаққа жаққаны анықталды, бұлардың үшеуі ортада орналасса, қалғандары шығыс және солтүстік-батыс бұрыштарда. Заттай деректердің барлығын дерлік қыш ыдыс бөлшектері, ал қалған аз мөлшердегі бұйымдарды сүйек, тас, қола құралдар құрайды. Қоныстан барлығы 2,5 мың қыш сынығы табылды. Ернеуі бар сынықтарды пайдалана отырып санағанда бұлардың арасынан 169 ыдысты ажыратуға болады. Сыртқы пішіні, ою-өрнегі мен дайындау технологиясын зерттей келе ғалымдар ыдыстардың негізгі тобы қола дәуірінің соңғы сатысына жататынын дәлелдеді. Қонысты Қазақстанның солтүстік аймақтарын б.з.б. II-мыңжылдықтың соңы мен I-мыңжылдықтың бас кезінде мекендеген тайпалар қалдырған.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref> <ref>«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер