Игорь Викторович Зенькович

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Футболшы Игорь Викторович Зенькович (Үлгі:Lang-be; 14 қыркүйек 1987 жыл<ref>https://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/116882</ref>, Минск) — беларусьтік және қазақстандық футболшы, шабуылшы.

Карьерасы

БАТЭ клубының түлегі. Бірақ БАТЭ-нің негізгі құрамында бір рет те ресми ойынға шықпай, 2006 жылы "Неман" (Гродно) клубына жалға берілді.

2007 жылы "Химик" (Светологорск) клубына ауысты. 2012 жылға дейін Беларусьтің бірнеше клубында ойнап, "Ақжайыққа" ауысты. "Ақжайықта" бірнеше маңызды гол соққан Зенькович 2013 жылдың ортасында Қарағандының "Шахтерына" өтті. Сол жылы жазда УЕФА Чемпиондар Лигасының іріктеуінде "Шахтер" БАТЭ-мен кездесті де, екі ойында да 1:0 есебімен ұтты. Қарағандыда өткен ойында Зенькович туған клубының қақпасына гол соқты.

Сол жылы Қазақстан азаматтығын алды.

Кейін тек Түркияның "Элязыгспор" клубында азырақ ойнады да, қалған уақыттарда Қазақстанның бірнеше клубында доп тепті.

2019 жылы Қазақстан кубогының финалында "Қайсар" мен "Атырау" кездесті. "Қайсар" 0:1 есебімен ұтылып жатқанда 84-минутта алаңға шыққан Зенькович 89-минутта есепті теңестірді. Кейін "Қайсар" тағы бір гол соқты да, кубок иегері атанып, өз тарихында тұңғыш рет УЕФА Еуропа Лигасына жолдама алды.

Жетістіктері

Командалық

«Шахтёр»
  • Қазақстан кубогы: 2013
«Ақтөбе»
  • Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері: 2014

"Қайсар"

  • Қазақстан кубогының иегері: 2019

Жеке

  • Қазақстан чемпионатының үздік мергені: 2013
  • Премьер-Лигадағы ең әдемі голдың авторы: 2017
  • Нилтон Мендес мергендер клубының мүшесі.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сілтемелер