Зифа Қақбайқызы Темірғазина
Үлгі:Ғалым Зифа Қақбайқызы Темірғазина — (1960 жылғы 19 тамызда РКФСР-дің Алтай өлкесі, Ново-Богатск ауылында туған) — қазақстандық ғалым-лингвист, филология ғылымдарының докторы, профессор. Лингвистикалық аксиология, прагмалингвистика және саяси лингвистика салаларының маманы. Қазақстан, Павлодар қаласындағы Ә. Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің профессоры.
Өмірбаяны, еңбек жолы
1960 жылы 19 тамызда Ресей, Алтай өлкесі, Бурлинский ауданы, Ново-Богатск селосында туған.
Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтын (1982, қазіргі Павлодар педагогикалық университеті), Алматы мемлекеттік университетін (1993, қазіргі Қазақ ұлттық педагогикалық университеті бітірген.
1982-87 жылдары орта мектепте мұғалім, 1987-96 жылдары Павлодар педагогикалық институтында оқытушы, аға оқытушы, 1997-2001 жылдары Павлодар мемлекеттік университетінде аға ғылыми қызметкер, кафедра меңгерушісі, 2002 жылдан осы университеттің Тілтану ғылыми-зерттеу институтының директоры қызметін атқарады. 50-ге жуық ғылыми еңбектің авторы.<ref>Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2013.2-том. – 616 бет. ISBN 978-601-7472-16-0.</ref>