Зидж Ұлықбек
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Зидж Ұлықбек, Ұлықбек зиджі – Самарқандағы Ұлықбек расытханасында (обсерваториясында) жасалған ең толық және дәлірек (сол дәуір үшін) жұлдыздар кестесі. “Зидж Ұлықбекте” эклиптикалық координаттар жүйесінде 1018 жұлдыз орнының каталогы берілген.<ref>Кары Ниязов Т.Н., Астрономическая школа Улугбека, Избр. тр., т.6, Таш., 1967</ref> Оның кіріспесінде 15 ғ-дағы Шығыстың астрономия ілімі қорытылған. Сондай-ақ, онда астрономиялық бақылауларға арналған көптеген кесте келтірілген. Оның ішінде синустар мен тангенстер кестесі де бар (9-ондық таңбаға дейінгі дәлдікпен). “Зидж Ұлықбек”, оптикалық бақылаулар жүргізгенге дейін, Шығыстағы ең жоғарғы дәрежедегі кесте болып есептеледі.<ref>"Қазақ Энциклопедиясы",4 том 3 бөлім</ref>
Дереккөздер
<references/>