Заңғарқала қалашығы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Көне қалашық Заңғарқала қалашығы (ІХ-ХІ ғғ.) – Қызылорда облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археологиялық ескерткіш.

Орналасқан жері

Сырдария ауданы, Іңкәрдария ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 22 км, Сырлытам қалашығынан солтүстік-шығысқа қарай 3 км-де жерде орналасқан.

Сипаты

Ескерткішті 1960 жылы Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясы (С.П. Толстов) ашып, зерттеген.
Қалашық құрылымы жағынан Сырлытам қалашығына ұқсас. Жоспарында дөңгеленіп келген, диаметрі 300 м-ге жуық.
Қалашық құрамына атыс ойықтары бар дөңгелене келген бекініс қабырғаларымен қоршалған шаршы пішінді цитадель және оның солтүстік қабырғасына жалғасып жатқан қала маңы құрылыстары кіреді. Сонымен қатар, оның суландыру жүйесі мен егістік алқаптары бар кең жазықтықты қоршап жатқан екінші сыртқы қабырғасы бар.
Қалашықтың барлық қабырғалары шайылып кеткен; беткі қабатынан жиылып алынған қыш ыдыстардың көпшілігі сырлытамдық ыдыстарға ұқсас, қолдан жапсырылып және шарықта жасалған қыш ыдыстардың ара қатынасы сырлытамдікіндей; табылған сырлы ыдыстардың сынықтары X-XI ғасырларға мерзімделеді.<ref>Қ 18 Қазақстан Республикасының тарихи және мәдени ескерткіштерінің жинағы. Қызылорда облысы. – Алматы: Аруна, 2011. – 504 б. ISBN 9965-26-382-5</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер