Жәнібек батыр Бердәулетұлы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Әскери қайраткер Жәнібек Бердәулетұлы (1714-1792) – даңқты батыр, шешен, Абақ Керей руына ұран болған, қолбасшы Керей тайпасы Жәнтекей руынан шыққан. Ол Жоңғар басқыншылығына қарсы шайқаста аты шыққан, Абылай хан мен Қаракерей Қабанбай батыр бастаған қазақ қолының алғы шебінде жүрген айбынды батырлардың бірі. Соған орай, халық оны сол заманның аты шыққан әйгілі батыры Шақшақ Жәнібекпен шатастырмас үшін «Керей Жәнібек» деп атап кеткен.<ref>https://kraeved-vko.kz/index.php?option=com_content&view=article&id=85&Itemid=193&lang=kz Үлгі:Webarchive</ref><ref>Үлгі:Кітап </ref>

Жоңғар шапқыншылығына қарсы соғыстарға белсене қатысқан. 1760 жылы Жәнібек Абақ Керейлерді Алтай тауының қазіргі Шыңжаң өлкесіне қарасты байырғы мекеніне апарып орналастырған. Есімі абақ керейдің ұранына айналған. Жоңғар шапқыншыларына қарсы соғысқа аттанарда нағашы атасы Қаз дауысты Қазыбек биден бата алады. Бір шайқаста мінген тұлпары болдырып қалған Абылай ханға астындағы көк дөненін түсіп беріп, Абылайды құтқарып қалады, өзі жекпе-жекке шыққан екі қалмақ батырын жеңіп, жаудың бетін қайтарады. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгембай, т.б. батырлармен тізе қоса отырып, жоңғар шапқыншылығына қарсы соғыстың аяғына дейін қатынасады. 1731 жылы Кіші жүз ханы Әбілқайыр Ресей империясының бодандығын қабылдаған кезде Ер Жәнібек керей тайпасын бастап, Сыр бойынан үдере көшіп, Қалба тауына келіп қоныстанады. Осы арадан Алтайдың Ақтау төңірегіндегі бір асуынан жол салып асып барып, өр Алтайды шолып қайтады. Бұл асу кейін “Жәнібек асуы” деп аталып кеткен.
Сөз бастаған шешендігімен, ел бастаған көсемдігімен, жауға шапқан батырлығымен бүкіл абақ керейдің ұранына айналған "Ер Жәнібек" сексеннің үстіне шығып қайтыс болады. Жәнібектің әкесі Бердәулет ерте қайтыс болып кеткендіктен, нағашысы қазақтың атақты үш биінің бірі – Қаз дауысты Қазыбек бидің тәрбиесінде болды. «Кісі болар жігітті кісесінен, кісі болмас жігітті мүшесінен таниды» дегендей, Қазыбек би жиенінің көзінде оты, көкірегінде сәулесі барын көріп, оны кішкентай күнінен бастап ел басқару жұмысына тәрбиелейді. Он сегізге жасы жетіп, күш-қайраты толған кезінде Жәнібек жауға аттанып бара жатқан жасанды қолды көріп, Қазыбектен жорыққа аттануға бата сұрайды. Қазыбек: «Қарағым, өзгеге берген батамды өзіңнен неге аяйын. Ер азамат қылып өсіріп, ел-жұртыңа қосайын деп едім. Жасыңа жетпей, жау тілеме» дейді. Бұған риза болмаған Жәнібек: «Он сегізге келгенше , жігіт болып жетіле алмады дегеніңіз бе? Желкілдеген тудан, жер қайысқан қолдан қалдырғанда, от басын айналдырған көбелектей көргеніңіз бе?» деп наразылық білдіреді. Сонда Қазыбек: «қой, рұқсат бермесем, құса болып өліп кетер, не қолға рұқсатсыз еріп кетер» деп ойлап, «Қол басқарсаң, жолың киелі болсын! Ел басқарсаң, сөзің жүйелі болсын!» деп батасын береді. Ұлы атасының ықыласымен берген батасы қабыл болып, Жәнібек жолы киелі қолбасшы, сөзі жүйелі ел басшысы атанады. Жәнібек батырдың өмір жолын екі кезеңге бөліп қарастыруға болады: Оның бірі – батырдың жоңғар басқыншыларына қарсы күресіп, сан шайқасты бастан кешірген батырлық, қолбасылық өмірі. Екіншісі – жаудан азат етілген жерге елін бастап барып, орналастыруы, ел бірлігінің бұзылмауы жолында тер төккен басшылық өмірі. Ол халықтың жадында қол бастаған аруақты батыр, ел басқаруда әділ басшы болып қалды. Өзі иелік еткен Абақ Керей елі оның атын ұранға айналдырды.<ref>М. Жолдасбекұлы, Қ. Салғарұлы, А. Сейдімбек. Ел тұтқа. - Астана: KUL TEGIN. - 2009</ref><ref>http://ardaktylar.kz/ Үлгі:Webarchive</ref>

Мұрасы

Батырдың Шіңгіл ауданда тұратын он бірінші ұрпағы Зардықанның үйінде сақталған қасиетті туын 1940 жылы Оспан батыр Қытай қазақтарының ұлт-азаттық көтерілісі кезінде көтеріп шығады. Ер Жәнібек туралы қытайдың Алтай аймағының қазақтары «Жәнібек батыр» деген тарихи жанрдағы екі сериалды фильм шығарған. Қазір Алматы қаласының Алатау ауданында Ер Жәнібек атындағы қысқа көше бар. Батырдың зираты қазіргі Абай облысы, Жарма ауданы, Ортабұлақ деген жерде. Зиратының басына ескерткіш орнатылған.<ref>Татанайұлы А., Тарихи дерек, келелі кеңес, Ү</ref><ref>1987; Сүгірбаев П., Алтай арпалыстары, Ү., 1995.</ref><ref> Үлгі:Cite web </ref> Үлгі:Cquote

Ер Жәнібек мемориалдық кешені

Кешен Абай облысы, Жарма ауданы, Қалбатау ауылында орналасқан.
Батырдың мәңгілік жай тапқан жері – Ортабұлақ ауылының жанындағы биік төбе. Ер Жәнібектің өсиеті бойынша, бір жылға дейін, кейбір әңгімелерде үш жылға дейін, "мені өлді деп айтпаңдар, жауларың басынып кетеді" деген екен. Осы сөздің жаны бар сияқты, себебі қабірінің басына кесек тастар ғана үйілген. Жалпы Шақшақ Жәнібек Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи қорымына жерленген. 2009 жылы меценаттардың күшімен ескі бейітке тиіспей, төбесінің басына кірпіштен ротонда және биіктігі 13 м мұнараны аспанмен таластыра қалап, үлкен ескерткіш қойылады.
Кешеннің дәл ортасына қоладан құйылған (биіктігі 6 м) қолында найзасы бар батырдың мүсіні орнатылған. Екі жағында қасқырлардың мүсіні, ал артында биіктігі 45 м болатын стела орнатылған. Ескерткіштен 30 м жерде Ер Жәнібектің мазары орналасқан.<ref>Қазақстанның киелі орындарының географиясы: Табиғат, археология, этнография және діни сәулет өнері нысандарының тізілімі / Жалпы редакциясын басқарған ҚР ҰҒА академигі Байтанаев Б.Ә. – Алматы: Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты, 2017 – 1-шығарылым. – 904 б. ISBN 978-601-7312-78-7</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

М. Жолдасбекұлы, Қ. Салғарұлы, А. Сейдімбек. Ел тұтқа. - Астана: KUL TEGIN. - 2009. – 66 б. http://ardaktylar.kz/ Үлгі:Webarchive

Тағы қараңыз